$ 494.87  520.65  4.91

«Коронавирус жұқтырған 333 адамның жағдайы әлі де ауыр» - министрлік

Соның ішінде 75 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. Олар өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.
фото: baigenews.kz
фото: baigenews.kz

Денсаулық сақтау министрлігі өзінің телеграмм арнасында коронавирус инфекциямен ауырғандарға қатысты соңғы ақпараттармен бөлісті. Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта коронавирус инфекциясынан 11 944 адам ем қабылдауды жалғастырып жатыр. Олардың арасында 53 өскіншек бала бар, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Стационарларда 5 715 науқас, амбулаториялық жағдайда 6 229 адам емделуде.

"Жалпы науқастардың арасында 333 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 75 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 57 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты күн сайын үнемі үзбей жариялап отырады. Барлық мәлімет ресми сайтта және ведмостваның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. Ал, аймақтардағы ахуал туралы ақпаратты апта сайын Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі арнайы пресс-брифингте хабарлап тұрады", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары