$ 498.55  524.28  4.75

Алматыда жоғалып кеткен медуниверситет студентінің мәйіті табылды

Осыдан бес күн бұрын Алматыда жоғалып кеткен Санжарбек Арзиевтің өлі денесін бүгін полицейлер тапты деп хабарлайды Tengrinews.kz Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Марқұм Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің 5-курс студенті болатын.

Алмалы аудандық ІІБ басшысы Асқар Болатовтың айтуынша, Санжарбектің мәйіті Есентай өзенінің Рысқұлов даңғылы тұсынан табылған. Тәртіп сақшылары бұдан өзге әзірше ешқандай ақпарат бермей отыр. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүргізіліп, өлімнің нақты неден болғаны анықталып жатыр.

Айта кетейік, бүгін іздеуші топ қала басшыларына өтінішпен шығып, өзен ағысын бәсеңдетуін сұраған болатын. Су арнасынан азайған кезде іздеу жұмыстары өз нәтижесін берген көрінеді. 30 сәуір күні жоғалып кеткен 23 жастағы студентті полицейлер мен ерікті азаматтар 4 күннен бері іздеген болатын. Есентай өзенін бірнеше рет шолып шыққан құтқарушылар суда мәйіттің жоқ екенін бұған дейін хабарлаған.

Санжарбекті полицейлердің судан іздеуі бекер емес. Жоғаларынан алдын оның осы өзенге секіріп кеткенін жақын маңдағы бейнебақылау камерасы таспаға жазып алыпты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары