24.08.2020, 10:40

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 15 науқас көз жұмды

Фото: coronavirus2020
13 адам коронавирустан, 2 адам КВИ белгісі бар пневмониядан көз жұмды.

Қазақстанда бір тәулікте КВИ мен пневмониядан 15 науқас қайтыс болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы zakon.kz-ке сілтеме жасап.

13 адам коронавирустан, 2 адам КВИ белгісі бар пневмониядан көз жұмды.

Пандемия басталғалы бері Қазақстанда 1 523 адам коронавирустан, 258 адам КВИ белгілері бар пневмониядан қайтыс болды.

Қазіргі уақытта елімізде 10 597 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, оның ішінде 52-сі - балалар. Ауруханаларда 5 673 науқас, амбулаториялық деңгейде тіркеуде 4 924 науқас бар.

309 адамның жағдайы ауыр, 70-інің денсаулығы өте ауыр деп бағаланады, 50-і жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.