Жаңалықтар 24.08.2020 сағат 10:00

Елорда тұрғыны 40 адамның атынан онлайн несие рәсімдеген

Үш күнде елордалық полицейлер Интернетте 50-ге жуық қылмыстық құқықбұзушылықты анықтаған.
Елорда тұрғыны 40 адамның атынан онлайн несие рәсімдеген
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Нұр-Сұлтанда 40 жастағы ер адам 40 адамның атынан онлайн несие рәсімдеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш күнде елордалық полицейлер Интернетте 50-ге жуық қылмыстық құқықбұзушылықты анықтаған. Оның ішінде 29 интернет-алаяқтық және 7 интернет-ұрлық деректері бар. Сондай-ақ, 14 киберқылмыскердің ұсталғаны хабарланды.

"40 жастағы ер адам ұсталды, оның 40 адамның атынан онлайн-несие рәсімдеп, алаяқтық жасағаны анықталды. Ер адам мәліметтерді заңсыз жинау арқылы Қазақстан азаматтарының жеке мәліметтерін алып, ақпараттық технологиялардың көмегімен несие рәсімдеген. Қазіргі уақытта ер адам қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - делінген полиция хабарламасында.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар