$ 494.87  520.65  4.91

Елбасы Асқар Маминге тұрғындардың табысын арттыруды тапсырды

Сонымен бірге, өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиіс.
фото: zakon.kz
фото: zakon.kz

«Nur Otan» партиясы Саяси кеңесі Бюросының отырысы жұмаға, яғни 28 тамызға ауыстырылды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек желідегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды. 

"Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаев Сайлауалды бағдарламаны талқылау барысында Бюро мүшесі, Премьер-Министр А.Ұ.Маминге әлеуметтік қамсыздандыру шараларын күшейтуді, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыруды, жұмыс орындарын құрып, тұрғындар табысын ынталандыруды тапсырды", - деп жазды Б.Байбек Twitter-дегі парақшасында

Сонымен бірге, өңірлердегі жастарға қолдау көрсетудің нақты тетіктері арнайы ұсынылуы тиіс.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары