$ 494.87  520.65  4.91

Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда

Онлайн форматта әлеуметтік желі арқылы өткен шара ел тарихын насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.

Айбынды Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толуына орай Қызылорда облысы, Арал ауданына қарасты Қарақұм ауылдық кітапханасы «Тарихымыздың алтын дәуірі – Алтын Орда» атты тарихи сағатын ұсынды. Онлайн форматта әлеуметтік желі арқылы өткен шара ел тарихын насихаттап, жас ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.

«Биыл тарихымыздың алтын дәуірі Алтын Орданың құрылғанына 750 жыл толды. Осы орайда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлытау өңіріне жасаған ресми сапарында Алтын Орда тарихын жаңа көзқарастар тұрғысында зерттеп, Жошы хан есімін ұлықтау арқылы мемлекеттік идеологияны қалыптастырудың басым бағыттарын атап көрсеткен болатын. Алтын Орда – Жошы ұлысының орнына құрылған алғашқы мемлекеттердің бірі. Жошы хан негізін қалаған Алтайдан Альпіге, Ертістен Дунайға дейінгі алқапта билік еткен, Дешті Қыпшақ даласында шаңырақ көтерген мемлекет әдепкіде Ұлық ұлыс деп аталды. Кейін орыс, славян, батыс жылнамаларында хан ордасының алтынмен көмкерілген ордалық киіз үйіне қарай Алтын Орда деп аталып кеткен. Алтын Орда ұлы далада екі жарым ғасырдан астам билігін жүргізді. Осы уақыт ішінде таққа отырып, өз үстемдігін орнатқан 50-ге жуық хан мен әміршілер өмірден өтті. Жошы ханның баласы Бату ханның кезінде Орда Алтай тауынан Дунай өзеніне дейінгі ұлан-ғайыр жерді алып жатқан үлкен мемлекеттің орталығы алғашында Еділ бойындағы Сарай Батуда болса, кейін Сарай Беркеге көшірілген. 1227-1502 жылдар аралығында 300 жылға жуық салтанат құрған сәулетті, сәулелі қағанат тарих көшінде Қазақ хандығының билігіне ұласа отырып, табиғи, тарихи тұрғыда мұрагерлік құқығын иемденген», - деп ұлық ұлыс жайлы құнды мәліметтермен бөлісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алтын Орда