$ 494.87  520.65  4.91

«Қатты тонып қалған»: дәрігерлер Алматыда арықтан табылған шақалақтың жағдайы туралы айтты

Ол өздігінен еме алады, іс-қимылы ширақ.
Фото: unsplash.com
Фото: unsplash.com

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы түнде арықтан табылған шақалақтың жағдайы туралы айтып берді, деп хабарлайды zakon.kz.

"Тастанды баланың салмағы - 3 келі, бойының ұзындығы - 52 см, ол Балалар жедел медициналық көмек көрсету орталығына жеткізілді. Ауруханаға түскенде баланың халі ауыр болды, гипотермияға байланысты, яғни қатты тонып қалған (дене температурасы - 34,5). Қазір оның жағдайы орташа, дене қызуы қалыпқа келді. Ол өздігінен еме алады, іс-қимылы ширақ. Енді баланы біз екінші балалар ауруханасына ауыстыруға дайындалып жатырмыз, сол жерден қосымша тексеруден өткен соң сәби балалар үйіне жібереді", - делінген хабарламада.

Тағы оқи отырыңыз:

Алматыда арықтан жаңа туған нәрсете табылды

Бұған дейін Алматы полициясы бүгін түн ортасында арықтан жаңа туған сәби табылғанын хабарлаған. Қазір құқық қорғау органдары тастанды сәбидің анасын іздеуде.

Полиция баланың биологиялық анасы туралы білетін кез-келген ақпаратты ішкі істер органдарына дереу хабарлауды сұрайды.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары