Өскемендегі Назарбаев даңғылы мен Мостовой көшесінің қиылысында тұрған "Қара жорға" композициясын алып тастайтын болды, деп хабарлайды Алтайньюс.
"Қара жорға" атты шағын сәулет формасын алып тастау керек. Өйткені даңғыл жөнделіп жатыр. Ал бұл мүсін даңғылдың ендігі стиліне үйлеспейді, – дейді шаһар басшысы Жақсылық Омар.
Айта кетейік, бұл ауданда скверді абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр.