26.08.2020, 11:40

Нұрсұлтаннан Алматыға шыққан ұшақ шұғыл қонуға мәжбүр болды

Компанияның баспасөз қызметі DV 734 "Нұрсұлтан-Алматы" рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.
сты Біл Оқиға Тосын жай Нұр-Сұлтаннан Алматыға ұшып шыққан ұшақ шұғыл қонды бүгін, 10:01 117   БӨЛІСУ           TENGRINEWS ЖАҢАЛЫҚТАРЫНА ЖАЗЫЛУ: Google News Яндекс Новости Яндекс Дзен

 

Жаңалықтар Қазақстан жаңалықтары Әлем жаңалықтары

SCAT әуекомпаниясының ұшағы "Нұрсұлтан-Алматы" рейсін орындау кезінде құспен соғысып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компанияның баспасөз қызметі DV 734 "Нұрсұлтан-Алматы" рейсінің қонуы штаттық режимде өткенін хабарлады.

"Рейсті орындау кезінде экипаж бір сәтте бөгде шуды естіді. Ұшу кезінде қозғалтқыштардың параметрлері норманы көрсетті. Содан экипаж Алматы әуежайының диспетчеріне хабарласты. Ұшу және қону штаттық режимде өтті", - деді компаниядағылар.

Ұшақты тексерген соң онда құстың іздері анықталды.

"Ұшақ бүлінген жоқ. Қазіргі уақытта әуе кемесі техникалық қызмет көрсету талаптары белгілеген диагностикадан өтіп жатыр", - деді SCAT өкілдері.

Тегтер: Ұшақ апаты