$ 498.34  519.72  4.85

COVID-19: Қазақстанға жеткізілетін ресейлік вакциналардың бағасы қанша?

Қорға коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алуға 20-дан астам елден өтінім келіп түсті. Сонымен бірге, Ресей бес елде вакцина өндіруге келісті, қолда бар қуаттылық жылына 500 миллион доза шығаруға мүмкіндік береді.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

 COVID-19 індетіне қарсы ресейлік "Спутник V" вакцинасының екі миллионнан астам дозасын Қазақстанға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға Ресей тікелей инвестициялар қорының бас директоры Кирилл Дмитриев хабарлады.

"Келісімде ресейлік "Спутник V" вакцинасының екі миллионнан астам дозасын Қазақстанға жеткізу қарастырылған. Болашақта біз серіктестерімізбен бірге вакцина жеткізу көлемін 5 миллион дозаға дейін ұлғайту мүмкіндігін қарастырамыз", - деді Дмитриев.  

Қорға коронавирусқа қарсы вакцинаны сатып алуға 20-дан астам елден өтінім келіп түсті. Сонымен бірге, Ресей бес елде вакцина өндіруге келісті, қолда бар қуаттылық жылына 500 миллион доза шығаруға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Ресей тікелей инвестициялар қоры мен қазақстандық "СК-Фармация" компаниясы ресейлік "Спутник V" вакцинасын Қазақстанға жеткізу туралы келісім жасаған болатын.

Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі вакцина 2 миллион 182 мың адамға тегін салынатынын жеткізді. Олар – 65 жастан асқан және созылмалы аурулары бар адамдар, қант диабеті мен өкпенің обструктивті ауруына шалдыққандар. Ал дені сау және жұмыс істейтіндер вакцинаны өз ақшасына сатып алады.

Жақында Қазақстан COVAX Facility халықаралық бағдарламасына қосылды. Келісім бойынша коронавирусқа қарсы вакцина шыққан бойда оны еліміздегі халықтың 20 процентіне бірден жеткізіп береді. Осылайша, 3,6 миллион вакцина барлық мемлекетпен бірдей уақытта түседі.

Бүгінде вакцинаны тегін алатындардың нақты саны анықталды. Барлығы – 2 182 000 адам. Ішінде 65 жастан асқандар, жүрек-қан тамыры аурулары, қант диабеті және өкпенің обструктивті ауруы, созылмалы ауруы бар азаматтар бар. Медицина қызметкерлеріне де вакцина тегін салынады.

Қазақстанға келетін 3 миллионнан астам вакцинаның басым бөлігі тегін таратылса, қалғаны сатылады. Бағасы 4,2-8 мың теңгенің айналасында болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары