$ 494.87  520.65  4.91

Қазақстанда пандемия кезінде қанша жұп ажырасты?

2020 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Қазақстанда барлығы 12 747 жұп ажырасқан.
фото: turkystan.kz
фото: turkystan.kz

Қазақстанда 2020 жылдың наурызынан маусымына дейін 4 587 жұп ажырасқан, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Статистика комитетінің мәліметінше, пандемияның бірінші айында (наурыз) Қазақстанда ажырасу саны - 2 103, сәуірде - 332, мамырда - 731, маусымда - 1 421 болды. Шілде айындағы ресми статистика қыркүйекте пайда болады.
Осылайша, 2020 жылдың қаңтарынан маусымына дейін Қазақстанда барлығы 12 747 жұп ажырасқан.

Қазақстанда пандемияның төрт айында ажырасудың ең көп саны Алматыда тіркелген екен. Наурыз, сәуір, мамыр және маусым айларында Алматыда 554 жұп ажырасқан.

Екінші орында Қарағанды облысы. Наурыздан маусымға дейін ьұл аймақта 516 ерлі-зайыпты ажырасқан.

Үшінші орында Алматы облысы, осы кезеңде 503 жұп ажырасқан.

Ажырасулардың ең аз саны Қызылорда облысында тіркелген, онда пандемия және өзін-өзі оқшаулау кезеңінде барлығы 31 ажырасу тіркелген.

Нұр - Сұлтанда 345 жұп ажырасса, Шымкентте 184 жұп ажырасқан екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары