$ 494.87  520.65  4.91

«Дұрыс болар еді»: Білім және ғылым министрі орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді (ВИДЕО)

Артық болжамдар айта алмаймыз.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов орынбасарының ұсталғаны туралы ақпаратқа пікір білдірді. Бұл туралы министр орталық коммуникациялар қызметінінің онлайн брифингінде хабарлады.

Брифингте сұрақ қойған журналистің айтуынша, БАҚ-та 21 шілдеде антикоррупция қызметі білім және ғылым министрлігінің жоғары лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу басталғанын, министр орынбасары Рүстем Биғаридің бюджеттен бес миллиард теңге жымқырғаны жайлы ақпарат тараған.

– Бұл туралы ақпаратты мемлекеттік органның өзінен біле аласыз. Осы уақытқа дейін бізге ресми түрде хабарландыру келмеді. Бұған байланысты мемлекеттік органдардың өзі жауап берсе, дұрыс болар еді, – деді министр онлайн брифингте.

"Сіздің орынбасарыңыз Рүстем Биғари қайда?" деген журналистің сұрағына:

– Менің барлық орынбасарларым жұмыста. Рүстем Биғари бұл ақпаратты естімеді, ол жұмыс істеп жүр. Жалпы кінәсіздік презумпциясы бар деп айтқым келеді. Артық болжамдар айта алмаймыз. Рас мәлімет шыққанда, ол туралы айтатын боламыз. Қазіргі таңда барлық әріптестерім жұмыста. Менің орынбасарыма қатысты сұрақтар жайында ресми мәлімет алмадық, – деп жауап берді министр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары