Қала және қала маңындағы маршруттар 31 тамыз, дүйсенбіден бастап бұрынғы жұмыс уақытына қайта оралады, деп хабарлайды КТК арнасына сілтеме жасаған Skifnews.kz ақпарат порталы.
Қоғамдық көлік бір тәулікке, 30 тамыз күні уақытша тоқтатылады. Бұл туралы City Transportation Systems компаниясы хабарлады.
"30 тамыз, жексенбіде қоғамдық көліктердің қозғалысы бір күнге уақытша тоқтатылады. Дүйсенбі, 31 тамыздан бастап қалалық және қала маңындағы бағыттар бұрынғы жұмыс уақытына оралады. Сондай-ақ, қоғамдық көліктер қазіргі кезде сағат 23.00-ге дейін жүреді", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, атаналықтарға автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынған. Жексенбі күні Қазақстан Конституцияның 25 жылдығын атап өтеді. 1995 жылы 30 тамызда азаматтар референдумда негізгі заң жобасына дауыс берген. Мемлекеттік мереке жексенбіге сай келгендіктен, демалыс күні 31 тамыз, дүйсенбіге ауыстырылады.