$ 447.4  477.55  4.76

Ауа райының бұзылуына байланысты 6 өңірге ескерту жарияланды

Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Фото: pixabay.com
Фото: pixabay.com

Ауа райының бұзылуына байланысты алты өңірде ескерту жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Қазгидрометке сілтеме жасап.

Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, дауыл, тұман күтіледі. 31 тамызда солтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с артады.

29 тамызда Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман болжанады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күшейеді. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

29 тамызда күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

29 тамызда Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. Шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23 м/с болады.

29 тамызда күндіз Атырау облысының батысында найзағай, шығысында 36 градус қатты ыстық күтіледі. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.

29 тамызда күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай, дауыл болжанады. Күндіз жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, жылдамдығы 15-20 м/с артады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы