$ 494.87  520.65  4.91

Израильде қап қойған қазақстандық турист бүгін ұшып шығады

Түркия мен Израиль қыдырып кеткен қазақстандық турист Диана Назарова Тель-Авивтен бүгін Түркияға қатынайтын әуе рейсімен ұшып шығады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Израильден Түркияға бір күнге келіп, кері қарай қайта алмай қалған біздің азаматша Диана Назаровамен байланыс жасады. Оның айтуынша, ол өзін жақсы сезінеді, әуе компаниясы оған қонақүйде тұруға мүмкіндік жасаған», делінген Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Қазақстанның Израильдегі елшілігінің мәліметінше, 23 шілде күні сағат 21.00-де Тель-Авив әуежайынан ұшуы жоспарланған түрік әуе компаниясының рейсімен қазақстандық турист келіншек Түркияға барады. «Қолда бар мәліметтерге қарағанда, 10-15 адамнан тұратын қазақстандық туристер тобы Түркияға ұша алмай қалған. Азаматтардың саны нақтыланып жатыр. Әуе компаниясы олардың бәріне қонақүйде тұруға мүмкіндік берді. Олар да бүгінгі рейспен ұшып келмек», дейді Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, ұрыс әрекеттерінің салдарынан Диана Назарова Израильде қалып қойған еді. Ол Түркияда отбасымен демалып жатқан, ол жақта қызға Израильге бір күндік саяхат жасауға ұсыныс айтылған. Бірақ кейін сапар аяқсыз қалыпты. «Мен Израильде кептеліп қалдым. Мұнда соғыс басталды, палестиналық зымыран құлады, әуежай жабық. Мен байланыста боламын және жуық арада балаларыма ораламын деп үміттенемін», деп жазған болатын Назарова.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары