Жаңалықтар 01.09.2020 сағат 20:39

Қарағандыда сәбиін қоқысқа тастаған әйел жазаланды

Ол аяғы ауыр екенін ешкімге айтпаған. Жағдайы болмаған соң ол сәбиден құтыламын деп шешкен.
Қарағандыда сәбиін қоқысқа тастаған әйел жазаланды
фото: matritca.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу


Қарағандыдағы Октябрь аудандық сотында сәбиін қоқысқа тастаған 22 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Соттың материалы бойынша, биыл 3 сәуірде 22 жастағы сотталушы үйде босанған. Ол аяғы ауыр екенін ешкімге айтпаған. Жағдайы болмаған соң ол сәбиден құтыламын деп шешкен. Баласын орамалға орап, пакетке салып, сәбиді үйдің маңындағы қоқыс контейнеріне апарған.

Кейін сәби табылып, оны кім тастағаны анықталған. 22 жастағы сотталушының үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 119-бабы 1-тармағы ("Қауiптi жағдайда қалдыру") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. 

Сот отырысы барысында прокурор күдіктіге айыппұл төлеу жасазын беруді сұраған. Октябрь аудандық соты күдіктіні кінәлі деп танып, оған 20 АЕК көлемінде айыппұл жазасын тағайындаған.

"Бұл әрекет қылмыстық құқықбұзушылық болып саналады. Ол үшін айыппұл төлеу, түзету жұмыстары және қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жаза қарастырылған. Сот күдіктіге жазаны тағайындау кезінде оның бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмағанын, екі баланы қарап отырғанын ескерген. Сот үкіміне прокурор шағым түсіріп, наразылық білдірмеген. Сот үкімі заңды күшіне енді", - делінген хабарламада.

Еске салайық, биыл сәуірде Қарағанды қаласы Майқұдықтың 12-шағынауданының тұрғындары қоқыстан жаңа туған сәбиді тауып алған еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар