$ 448.15  483.46  4.86

Алматыда жоғалған 9 жастағы бала іздестіріліп жатыр

Баланың белгілері: бойы - 125 сантиметр, арықтау келген, шашы қара.

Алматыда 9 жастағы бала жоғалып кетті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция мәліметінше, 2011 жылғы Месут Мырзақұлов 1 қыркүйекте шамамен сағат 13.00-де үйден шығып кетіп, сол күйі оралмаған.

Баланың белгілері: бойы - 125 сантиметр, арықтау келген, шашы қара. Ерекше белгілері жоқ. Кішкентай жолақты ақ-жасыл жейде, қара түсті шолақ шалбар, ақ бауы бар қара көк түсті кроссовка киген.

Полиция қандай да бір мәлімет білетіндерден мына нөмірлер бойынша хабарласуды сұрайды: 8778-798-00-77; 8701-739-53-94; 8-708-924-82-07 немесе 102.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#жоғалған