04.09.2020, 07:20

Қостанай облысының әкімдігі 153 миллион теңгеге автокөлік сатып алмақ

Фото: news.qostanay.tv
Әр көліктің бағасы 6-7 млн теңге болады.

153 миллион теңгеге 24 автокөлік сатып алмақ, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әкімдік Мемлекеттік сатып алулар сайтында үш лот жариялады: бағасы 5 890 000 теңге болатын 12 көлік, 5 990 000 теңге болатын 5 көлік және 7 490 000 теңге тұратын 7 көлік. Өтініш 4 қыркүйекке дейін қабылданды

Естеріңізге сала кетсек, елімізде 2020 жылдың мамыр айында шенеуніктерге бюджет қаражатына көлік пен жиһаз сатып алуға үш жылға мораторий жариялаған еді.