$ 447.4  477.55  4.76

«Абай арманы» атты онлайн концерт өтеді

Онлайн форматта өтетін мерекелік концертте Абайдың әндері мен оның өлеңдеріне жазылған әндер орындалады.
Фото: egemen.kz
Фото: egemen.kz

Алматы қаласындағы Қазақконцерттің YouTube арнасында Абай күніне орай бүгін сағат 21:00-де «Абай арманы» атты концерттің онлайн көрсетілімі өтеді, деп хабарлайды Sn.kz.

Қазақконцерт баспасөз қызметінің мәліметінше, онлайн концертте белгілі әншілер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Бибігүл Жанұзақ, Азамат Жылтыркөзов, Медет Шотабаев, Ерлан Рысқали, Ардақ Балажанова және халықаралық байқаулардың лауреаттары АсқарМұқият, Аяулым Қамажан өнер көрсетеді. Онлайн форматта өтетін мерекелік концертте Абайдың әндері мен оның өлеңдеріне жазылған әндер орындалады. 

«Ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абайдың 175 жылдығыаясында «Абай күні» деген атаулы датаның белгіленуі біз үшін қуанышты жаңалық болды. Ұлы Абайдың бай музыкалық мұрасында ұлттық өнеге мен мол тағылым жатыр.Сондай-ақ поэтикалық және композиторлық туындыларымен қазақ музыкасына жаңа леп әкелген Абайдың ән мұрасы ерекше сұлулығымен, көркемдік байлығымен, әуезділігімен құнды. Абайдың шығармашылығына ғана тән осы Қазақконцерт солистері ұсынатын жаңа концерттік бағдарлама көрініс  табады», - деді Қазақконцерт басшысы Жеңіс Сейдуллаұлы.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары