10-11 тамызда Қазақстан халқы Ассамблеясы «Абай күні» және ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойына орай республикалық деңгейде онлайн поэзия фестивалін ұйымдастырды, - деп хабарлайды Sn.kz.
Этномәдени бірлестіктер арасында ұлы ағартушының шығармашылығын насихаттап, қазақ тілінің қолданыс аясын кеңейту, еліміздегі тұрақтылық пен бірлікті паш етуге арналған поэзия фестиваліне бастапқыда мемлекеттік тілді еркін меңгерген 175 этнос өкілін қатыстыру көзделген болатын. Оларғақазақ тілінде175 өлеңін оқып, әлеуметтік желіде түрлі форматта бейнетүсірілім жариялау міндеттелген еді. Алайда 130 дан астам ұлт өкілдерінің ақынға деген ерекше құрметі мен ілтипаты бұл межеден асып түсті.
Нәтижесінде ҚХА Баспасөз қызметіне 705 бейнеролик келіп түсті. Оныңішінде 521 қатысушыақынөлеңдері мен аудармаларын қазақ тілінде асқақтатса, 127-сі басқа тілдерде айшықтауға тырысты. 126 өнерпаз Абай әндерін шырқап, қарасөздерін нақышына келтіріп жеткізді.
Қазақстанхалқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаев этнос өкілдерін қолдау үшін Абайдың 37 қарасөзін оқып, көпшілікке тарту етті. Барлық бейнежазбалар мен роликтер Ассамблея сайты мен өңірлік құрылымдарының Facebook, Instagram, Vkontakte, Youtube, Telegramm каналында, түрлі ақпараттық сайттарда жарияланды. Ат салысушылардың көптігіне байланысты поэзия фестивалі халықтық сипатқа ие болып, екі күнге жалғасты.
Бұған қосымша, Абай күнінде ҚХА ғалымдары мен сарапшылары Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Абай – рухани реформатор» мақаласының маңыздылығын талқылап, беделді БАҚ беттерінде 50-ден астам пікір жариялады. ҚХА Төрағасының орынбасары Ж.Түймебаевтың «ЕгеменҚазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде «Абайдытаныту – борышымыз», «Наследие Абая – духовный оплот единства» мақаласы жарықк өрді. Бұданбөлек, Ассамблея Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан мемлекетінің абайтанушы-ғалымдары мен тарихшыларының қатысуымен «Абай: тарих және қазіргі заман» халықаралық конференциясын ұйымдастырды.
Жалпы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Абай күніне арналған іс-шараларына республика бойынша 27 795 этнос өкілі қамтылса, онлайн конференцияға фейсбук пен Zoom арқылы 965 сарапшы-ғалымдар мен тарихшылар қатысты