$ 498.34  519.72  4.85

«Абай» метро бекетінде Абай әндері шырқалды

Ақынның құлақтан кіріп, бойды алған әндері Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі өнерпаздарының сүйемелдеуімен орындалды.

Алматыдағы «Абай» метро бекетінде мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Адамзаттың алыбы – ақын Абайдың 175 жылдығы аясында аталып өткен шарада ақынның шығармалары орындалып, әндері шырқалды, - деп хабарлайды Sn.kz.

Хәкімнің қанатты сөздерін бойына сіңіріп өскен жастардың болашағы жарқын боларына сенім мол дейді ұйымдастырушылар.  

«Бүгінгі іс-шараның мақсаты – Абай шығармалары арқылы жастарымызға қала тұрғындарына ұлттық өнерімізді, құндылықтарымызды дәріптеу. Осы дүние жүзін жаулаған індеттің кезінде қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлау», – деді Медеу аудандық Жастар ресурстық орталығының төрағасы Самат Төрехан.  

Ақынның құлақтан кіріп, бойды алған әндері Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірі өнерпаздарының сүйемелдеуімен орындалды.

«Мені бір таңқалдырғаны – қазіргі жастардың әр қайсысының құлағында Абайдың әні бар. Өйткені Абайдың әні шар тарапқа созылып кеткен.  Абай ол бір ауыз сөзбен айтқанда сөнбес жұлдыз», – деді Құрманғазы атындағы қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестірінің әртісі Әсет Жұмабаев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары