$ 444.32  473.33  4.76

Абай шығармаларының толық жинағы ұсынылды

Жинақтың «Абай туралы сөз» атты жеке томы толығымен Абай туралы әдебиет танушылар, ақындар, жазушылар және әлемге әйгілі ғалымдардың тұжырымдарына арналған.

Алматыда Халықаралық Абай клубы мен ҚазҰУ бірлесіп басып шығарған Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларының толық жинағы ұсынылды. Осы шығарылым туралы белгілі қазақ жазушысы, драматург және баспагер Роллан Сейсенбаев әңгімеледі, - дeп хабарлайды Sn.kz.

Ол он томдық басылымға орыс, ағылшын, француз және неміс тілдеріне аударылған туындылар кіргенін атап өтті. Жинақтың «Абай туралы сөз» атты жеке томы толығымен Абай туралы әдебиет танушылар, ақындар, жазушылар және әлемге әйгілі ғалымдардың тұжырымдарына арналған. 

«Биыл әлем екі айтулы күнді – ұлы ойшыл Әл-Фарабидің 1150 жылдығын және майталман ақын Абайдың 175 жылдығын атап өтуде. Қазақтың дархан жері адамзатқа өзінен тысқары жерлерде рухани және шығармашылық мұрасымен танымал болған ұлы перзенттерін сыйлады. Жақында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де Әл-Фараби орталығы ашылған болатын, ал бүгін – Абай атындағы зал ашылуда. Осының арқасында олар бізге, жас ұрпаққа жақындай түсті, бұл біздің рухани жаңғыруымызға деген сенімімізді күшейте түспек», - деді Роллан Сейсенбаев.  

Мемлекет басшысы атап өткендей, біздің санамызды, көкжиегімізді кеңейтіп, рухани дамуымыз үшін Абайға арналған іс-шараларды өткізу аса маңызды. Оның мұрасы қазақ халқының болмысы мен ұлттық ерекшелігін, салт-дәстүрі мен рухын айқын көрсетеді. Оның кемелділікке, ой және адам жанының тазалығына ұмтылу туралы идеялары әрбір қазақстандық үшін маңызды бағдарға айналуы керек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары