Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығына орай, «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК қызметкерлері «Ата Заң — елдің асыл тірегі», «Конституция — тәуелсіздігіміздің айғағы», «Ата заңым елдігім» тақырыптарында онлайн дәрістер ұйымдастырды, – деп хабарлайды Sn.kz.
Коронавирустық инфекцияның пандемиясына байланысты жаппай шараларға тыйым салынады. Қазіргі уақытта мәдени іс-шараларды өткізудің тамаша шешімі – сандық технологиялар. Олар дәстүрлі кездесулерді, дәрістер мен концерттерді онлайн форматқа көшіруге мүмкіндік берді.
«Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты барлық іс-шаралар белгісіз мерзімге кейінге қалдырылды немесе интернет арқылы өткізіледі. Цифрлық жетістіктердің арқасында біз ҚР Конституциясының 25 жылдығына арналған үш дәрісті онлайн режимде ұйымдастырдық. Біріншісі-С.Мұқанов пен Ғ. Мүсіреповтің әдеби-мемориалдық мұражай кешенінде. «Ата Заң — елдің асыл тірегі» дәрісі барысында экскурсия жетекшісі Алтынай Құсайынова Конституция тәуелсіздіктің сенімді тірегі, Қазақстанның халықаралық деңгейдегі табысты дамуының және жоғары беделінің кепілі болғанын атап өтті», – деп атап өтті «Алматы қаласы музейлер бірлестігі» КМҚК.
Айта кетейік, мемлекеттік мереке — Конституция күні 30 тамызда атап өтіледі. Елдің басты құжаты 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданды (1998 және 2007 жылдардағы өзгерістер мен толықтырулармен). Қазақстанда Конституцияның қабылдануымен президенттік басқару нысаны ресімделді. Сондай-ақ экономиканы дамыту, қоғамдық келісімді қамтамасыз ету және халықты әлеуметтік қорғауды күшейту үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Негізгі заң құндылықтар, қоғамдағы қатынастар принциптері, халық пен билік қарым-қатынасы кіретін елдің идеологиясын анықтайды.
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат – Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.
Осыдан жиырма жыл бұрын, 30-тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң — мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық,
әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды.
Өркендеп дамуымыздың басты құжатына айналған, бүкіл халық болып қабылдаған Ата Заңды құрметтеу біздің міндетіміз әрі парызымыз. Қазақстанның әрбір азаматы еліміздің негізгі заңының асқақ рухы мен маңызын, Конституцияны қалыптастыру тарихын жақсы білуі керек. Конституцияны құрметтеу және сақтау арқылы және оның тарихы мен маңызын білуімізбен ғана біз өз елімізді, Отанымызды, тарихымызды, құндылықтарымызды құрметтейміз және еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз. Өйткені, біздің Ата Заңымыз – Қазақстан халқының саналы таңдауы, өркенді дамуымыздың кепілі.
Кез келген зайырлы елдің даму бағыттарын белгілейтін басты құжаты - Ата заңы. Осыдан 25 жыл бұрын бүкіл халықтық референдумда кең байтақ Қазақстанның көп ұлтты халқы өзінің егемендік құқығын барша әлемге паш етіп, көптеген елдермен терезесі тең, іргетасы мықты демократиялық жолмен дамып келе жатқан мемлекет екендігін танытты. Сөйтіп, 1995 жылдың 30 тамызында Қазақстан Республикасының Ата заңы өмірге келді.
Тоғыз бөлім мен тоқсан сегіз баптан тұратын Ата заңның алғашқы бабы: «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деп басталады. Бұл мемлекетімізде адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары дәрежедегі құндылық ретінде бағаланатындығының айқын дәлелі.
Конституция күні біз үшін қасиетті күн болу керек. Өйткені, Ата Заңымыз – Қазақстанның әлемдік өркениетке қарай қарыштай қадам басуының алғы-шарттарын жасап берген жасампаз құжат. Халықаралық қауымдастық мойындап, Қазақстандағы батыл жүргізіліп жатқан демократиялық реформалардың негізінде қол жеткізіп отырған жетістіктердің бәрінің қайнар көзі саналатын Қазақстан Республикасы Конституцияның да өз тарихы бар.