$ 443.85  474.3  4.8

Мәдениет қызметкерлері «Абай оқуларында» бақ сынады

Абай өлеңдерін, поэмалары мен қара сөздерін оқып бақ сынасқан қатысушылар арасынан үздік шыққан жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығы аясында Қызылорда облысы, Сырдария ауданында «Абай оқулары» атты байқау өтті. Ұлы ақынның мұрасын ұлықтауға арналған шараны аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мамандары ұйымдастырды. Байқауға кенттің және ауданға қарасты ауылдардағы клубтардың қызметкерлері қатысты.

«Абай шығармалары түпсіз тұңғиық секілді. Бойлай берсең, өзіңе қажетті жауапты табасың. Әрбір туындысынан ерекшелік көрініп тұрады. Құдды бір адамзатқа дұрыс өмір сүріп, қоғамға пайдаңды тигізер адам болу керектігін көркем сөзбен жеткізіп тұратын секілді», - деді байқауға қатысушылар.

Абай өлеңдерін, поэмалары мен қара сөздерін оқып бақ сынасқан қатысушылар арасынан үздік шыққан жеңімпаздарға арнайы алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табысталды. Байқау қорытындысы бойынша бас жүлдемен Шіркейлі ауылынан қатысқан Н.Әбдірашит марапатталды. Жүлделі І орынды әдемі мәнерімен тамсандырған Қалжан ахун ауылдық клубының дарынды маманы А.Бақытбекова иеленді. ІІ орынға Нағи Ілиясов ауылының қатысушысы Н.Ғадуллаева лайық деп танылса, ІІІ орын Жетікөл ауылынан бақ сынаған Г.Азаматқызына берілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары