Моңғолияның солтүстік-батысындағы Завхан провинциясында бубон обасынан 38 жастағы ер адам көз жұмды. Бұл жыл басынан бері бубон обасынан болған осымен үшінші кісі өлімі, деп хабарлайды zakon.kz "Синьхуа-ға" сілтеме жасап.
Өткен айда ол кісі Моңғолияның Хувсгул провинциясында суыр етін жеген екен, содан бубон обасын жұқтырған. Онымен жақын қатынаста болған 25 адамның тапсырған тесті теріс болып шықты.
Қазір Моңғолияның 21 провинциясының 17-сінде бубон обасының тарауы қаупі бар, дейді Жұқпалы аурулар жөніндегі ұлттық орталық мамандары.