$ 494.87  520.65  4.91

Криштиану Роналду Джорджинаға үйлену туралы ұсыныс жасады

Кешті Роналду достарымен кездесуі үшін Джорджина ұйымдастырған.
Фото: beicon.ru
Фото: beicon.ru

"Ювентус" және Португалия футбол құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду сүйіктісі Джорджина Родригеске үйлену туралы ұсыныс жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Евроспорт"-қа сілтеме жасап.

Криштиану қызына сауық кешінде ұсыныс айтты. Кешті Роналду достарымен кездесуі үшін Джорджина ұйымдастырған. Ол ұсынысты қабыл алды. 

Шарада Криштиану мен Джорджинаның отбасы мүшелері болмады. Олар тойды қашан өткізетіні де белгісіз.

Роналду Джорджинамен 2016 жылдан бері көңіл жарастырып келеді. 2017 жылы Родригес қыз босанды, есімі - Алана Мартина.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары