$ 447.4  477.55  4.76

«Тоңазытқышта сәбидің денесі бүктетіліп жатпасын деп …»: Атырауда дәрігер тергеушіні тергеді

Ал тергеуші болса, тасымалдау тәртібін егжей-тегжей білмесе де, сәби денесін салқын күйінде жеткізуге тырысқанын айтты.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Атырауда тоңазытқышқа салынған шақалақты тергеуші сараптамаға кешіктіріп жібергені анықталды. Атышулы қылмыстық іс бойынша басты айыпталушы сотта осыны айтып, оның себебін сұрады, деп хабарлайды Астана арнасы. 

Перенаталды орталықтың бұрынғы бас дәрігері куәгер ретінде шақыртылған тергеушіні сұрақтың астына алды. Шақалақтың мәйітін анықтаған соң, неліктен оны бірден арнайы сараптамаға жібермегенін сұрады. 

«Заң бойынша, ол бала сот-дәрігерлік сараптамаға кетуі керек. Бірақ сіздер баланың мүрдесін 5 сағат бойы роддомда ұстайсыздар. Потологиялық- анатомиялық заңында жазылған, 24 сағаттың ішінде зерттеліп бітуі керек, Өйткені ол қорытындыларына әсер етеді, – деді бұрынғы бас дәрігер, айыпталушы Қуаныш Нысанбаев.

Ал тергеуші болса, тасымалдау тәртібін егжей-тегжей білмесе де, сәби денесін салқын күйінде жеткізуге тырысқанын айтты. 

«Егер мен қандай температурада сақталу керектігін білмесем, мен бір нәрсені бұздым деген сөз емес. Мен нәрестенің бойына лайықты ыдыс іздедім. 

«Баланың денесі бүктетіліп жатпасын» деп. Сосын оны тапқан соң, жан-жағына соғылмасын деп жаялықпен орадық. Мүрде сақталсын деп контейнер айналасына мұз қойдық. Мен қарапайым талаптарды орындадым», - деді Атырау облысының СЖҚІҚ департаментінің тергеушісі, куәгер Айбек Уандықов  

Бірақ бұл жауап сотталушылар мен олардың адвокаттарын қанағаттандырмады. Айтуларынша, алдымен, Атыраудағы сот – сараптамалық орталыққа жібергенде уақыт жоғалтпас еді.

 Айта кетейік, перзентхана дәрігерлері тірі шақалақты мұздатқышқа салып, өлтірді деген күдікке ілініп отыр. Істің тергелуіне 162 куәгер шақыртылмақ. Жалпы қылмыстық іс 45 томнан тұрады.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары