Жаңалықтар 09.09.2020 сағат 15:00

«Ішкі нарық өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген» — министр

Есепті кезеңде ірі апаттық жағдайлар тіркелген жоқ. Уран өндіру көлемі 13,5 мың тонна болды, 2020 жылдың жоспары 19,3 мың тоннаны құрайды.
«Ішкі нарық өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген»  — министр
фото: 7kun.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бүгін Үкімет отырысында энергетика министрі Нұрлан Ноғаев 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша отын-энергетика саласындағы қазіргі жағдай туралы баяндады. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

  2020 жылғы қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша мұнай және конденсат өндіру көлемі 58,3 млн тоннаға жетті, 2020 жылдың жоспары 85,2 млн тоннаны құрайды.

 Мұнай экспорты 47,3 млн тоннаны құрады, 2020 жылдың болжамы — 67,5 млн тонна.

 Есепті кезеңде газ өндіру көлемі 37,7 млрд текше метрді құрады, 2020 жылдың жоспары — 56,5 млрд текше метр.

 Тауарлық газды ішкі тұтыну көлемі 10,2 млрд текше метрге жетті. 2020 жылдың жоспары — 16,5 млрд текше метр. 

Сұйытылған мұнай газын өндіру көлемі 2,06 млн тоннаны құрады, соның ішінде 8 айдың қорытындысы бойынша 1,40 млн тонна ішкі нарықта пайдаланылды. 2020 жылдың жоспары — 3,2 млн тонна. 

Мұнай өнімдерін өндіру 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 7,4 млн тоннаны құрады, соның ішінде: 

Автобензин өндіру — 2,87 млн тонна. Дизель отынын өндіру — 3 млн тонна. 

Авиаотын өндіру — 277 мың тонна.
 Мазут өндіру — 1,3 млн тонна. 

2020 жылға арналған мұнай өнімдерін өндіру жоспары — 11,6 млн тонна. Битум өндірісі 2020 жылдың қаңтар-тамыз айларының қорытындысы бойынша 675 мың тоннаға жетті, 2020 жылдың жоспары – 983 мың тонна.

 «Бүгінгі таңда ішкі нарық өзімізде өндірілген мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз етілген», — деді Н. Ноғаев. 

Мұнай-газ-химия өнімдерін өндіру көлемі 262 мың тоннаға жетті, 2020 жылдың жоспары — 400 мың тонна. 

Есепті кезеңде 69,5 млрд кВт/сағат электр энергиясы өндірілді, 2020 жылдың жоспары — 105,2 млрд кВт/сағат. Бұл ретте Н. Ноғаев электр энергиясын өндіру тікелей энергия тұтыну көлеміне қатысты екендігін айтты. 

 Есепті кезеңде ірі апаттық жағдайлар тіркелген жоқ. Уран өндіру көлемі 13,5 мың тонна болды, 2020 жылдың жоспары 19,3 мың тоннаны құрайды. 

«Негізгі көрсеткіштерге қол жеткізу Энергетика министрлігінің тұрақты бақылауында», — деп түйіндеді Н. Ноғаев.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар