Дамир Исмағұлов үйлену тойынан түскен суретін жанкүйерлерімен бөлісіп, өзінің шаңырақ көтергенін жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жақында UFC турнирінде өнер көрсететін жекпе-жек шебері Дамир Исмағұлов үйленді. Бұл туралы спортшының өзі хабарлады.
Ол өзінің Instagram парақшасында үйлену тойынан сурет жариялап, астына жазба қалдырған.
"Бұдан былай той туралы сұрамаңыздар. 07.09.2020. Үйленген жігіт", – деп жазды ол. Сурет Сочидегі Олимпиада паркі жағасында түсірілген.
Спортшының мыңдаған жанкүйері бұл қуанышты жаңалықты жылы қабылдап, әлеуметтік желідегі жазбаға құттықтаумен қатар, ыстық ықыластарын жеткізіп, пікір қалдырған.