Алматы-Қостанай бағытындағы рейсте 70 жастағы ер адам қайтыс болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі көліктегі полиция депаратментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"9 қыркүйекте сағат 17.34-те Қостанай станциясындағы полиция желілік бөліміне Алматы-Қостанай рейсінде 70 жастағы ер адам кенеттен қайтыс болды деген хабарлама келіп түсті. Өлімнің алдын ала себебі - созылмалы ауру", - дейді көліктегі полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ләззат Қасымжанова.
Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған факт бойынша тергеу басталды.
"Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне сай өзге де ақпарат таратылмайды", - деп түсіндірді ол.
Ал әуекомпаниясының өкілі ақпаратты растаған.
"Оқиға шынымен болды. Жолаушы 70 жаста еді. Кері қайтатын рейс біраз кешікті", - деп түсіндірді әуе компаниясының өкілі Ляззат Набиева.