Елордада жылыту маусымына дайындық бекітілген кесте бойынша жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Нұр-Сұлтанда жылыту маусымы орташа ауа температурасы 5 тәулік бойы +10 градус және одан төмен болған кезде басталады.
"2001 жылғы 23 қаңтардағы "ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" заңына, әрі елордалық мәслихаттың 2014 жылғы 27 маусымдағы шешімі брйынша жылыту маусымына дайындық және оны өткізу қағидаларына сәйкес, 5 тәулік ішінде ауаның орташа температурасы +10 °С және одан төмен болған кезде, жергілікті атқарушы орган жылыту маусымын бастау туралы шешім қабылдайды", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, елордада энергия кешендерін, ТКШ, білім беру, мәдениет және денсаулық сақтау нысандарының жылыту маусымына дайындығы бекітілген жоспар бойынша жүргізіліп жатыр. Көппәтерлі тұрғын үй қорының дайындығы 90 пайыздан жоғары.