$ 445.66  474.58  4.78

«Хабар» агенттігіне жаңа басшы тағайындалды

«Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Алмагүл Ахметжанова тағайындалды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, Алмагүл Ахметжанованы ұжымға бүгін ҚР Ақпарат және байланыс министрі Дәурен Абаевтың өзі таныстырған.

Алмагүл Ахметжанова 1975 жылдың 4 желтоқсанында Алматы қаласында дүниеге келген. 1999 жылы Қазақ ұлттық университетін "Социология" мамандығы бойынша тәмамдаған. Магистр дәрежесі бар. Бұған дейін ол «Хабар» агенттігі» АҚ басқарма төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келді. А.Ахметжанова «Хабар» телеарнасына 1999 жылы қарапайым қызметкер ретінде келген. 2004 жылдың ақпан айынан бастап бағдарламалар дирекциясын басқарды. 2011 жылы басқарма төрағасының орынбасары және басқарма мүшесі болып тағайындалған.

Ал, компанияны бұған дейін басқарған Айдос Үкібай болса жуырда ҚР Президентінің баспасөз хатшысы лауазымына тағайындалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары