$ 494.87  520.65  4.91

Елордалық еріктілер қызу жұмыс істеуде

«Астана Орманы» ЖШС мекемесінде жастар 90 мың тенге жалақыға қоса «Жасыл ел» жобасынан арнайы бөлінген 35 394 тенге сыйақы алуда.
Фото: inbusiness.kz
Фото: inbusiness.kz

Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері белсенді түрде жұмыс істей бастады. Бір айдың ішінде бірнеше жобаны жүзеге асырып, жоспар бойынша жұмыс істей бастады. Осы орайда Sn.kz ақпарат порталы елордалық еріктілердің тамыз айындағы жұмыс барысына шолу жасайды. 

Мәселен, елордалық оқушыларға көмектесу үшін жұмыс істей бастады. Нақты айтқанда еріктілер оқушыларға оқу үлгерімдерін жақсартуға, емтихандарға дайындалуға көмек көрсетеді. Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен жүзеге асырылып жатқан жобада еріктілер қаладағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушылардың оқу үлгеріміне көмектеседі.

Айта кетейік, аталмыш бастама еріктілер жылы аясында «Біргеміз: Білім» жалпыұлттық жобасы негізінде жүзеге асуда. Аталған жоба бойынша еріктілер 7 бағыт бойынша жүмыс істейді. Оның ішінде «Біргеміз: Білім» жобасы бойынша қаладағы оқушыларды, әсіресе жоғарғы сынып оқушыларын емтиханға, ҰБТ-ға, көптеген олимпиадалық сайыстарға дайындауға көмектеседі. Оның ішінде қазақ тілі, ағылшын, информатика, физика және т.б. пәндер бойынша репетитор болады. Күніне 1-2 сағат уақыт бөліп, бір пән бойынша бір ай оқытып, дайындайды. Яғни, бірадамға 30 сағаттан кем емесуақытжұмсалады деп жоспарланған.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасы былай дейді:

«Қаладағы аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларды іріктеп алуға тырысамыз. Тізімді Нұр-Сұлтан қалалық Білім басқармасымен бірлесе отыры пәзірлейміз. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасын іздеп, мониторинг жасап, іріктеп аламыз. Біз тек олардың оқу үлгерімінің жақсы болуын қадағалап қана қоймай, сонымен қатар 100 шақты оқушыны мектепке қажетті құрал-жабдықтармен де қамтуды жоспарлап отырмыз», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ақұлан Тастемір.

Сонымен қатар қалалық еріктілер «Birgemiz: Sabaqtastyq» жалпыұлттық жобасы аясында қиын өмірлік жағдайдағы балалар орталығына барды.Олар балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламаларын әзірлеп, аниматорлармен бірге байқаулар өткізді.

Волонтерлер балаларға арнайы ойын-сауық бағдарламаларын әзірлеп, аниматорлармен бірге келесідей байқаулар өткізді: сурет салу, пластилинмен жұмыс істеу, Абай оқулары, Tik Tok түсіру, эстафета, футбол, баскетбол сақинасына доп лақтыру, арқан тарту. Барлық қатысушылар мадақтамалар және сыйлықтармен марапатталды.

Айта кету керек, елордалық волонтерлер жұмысы «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының барлық бағыттарын қамтиды. Олар Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен зейнеткерлерге әлеуметтік қолдау көрсету, медицина қызметкерлеріне көмек, сенбіліктер ұйымдастыру, Төтенше жағдайлар және Полиция департаменттерімен бірлесіп, карантин нормаларын сақтау бойынша рейдтер жүргізу және т.б. жұмыстармен айналысады.

Сонымен бірге, 11502,2 гектар аумақты алып жатқан елорданың жасыл белдеуіне күтім жасауға қатысты.

Сонымен қатар қала маңындағы 275 350 тал мен көшеттерді – сүйелді қайың, ұсақ жапырақты шегіршін, қарағай, көде, боз жиде, теректерді қопсытумен және суарумен айналысты.

«Астана Орманы» ЖШС мекемесінде жастар 90 мың тенге жалақыға қоса «Жасыл ел» жобасынан арнайы бөлінген 35 394 тенге сыйақы алуда.

«Жасыл Ел» жобасы аясында жастар 3 санат бойынша жұмыс істейді. Атап айтқанда, 14-17 жас аралығындағы көпбалалы және аз қамтылған отбасыға жататын балалар, 17-22 жас аралығындағы колледж, ЖОО студенттер және үшінші ересек топ – жұмыссыз жастар санатындағы 18-29 жастағы азаматтар.

Кәмелетке толмағандар саябақтар мен алаңдарды тазарту жұмыстарын жүргізді. Олардың жұмыс күні төрт сағаттан аспады. Екінші санаттағылар «Астана-Зеленстрой» жұмысшыларына көмектесті. Үшінші санаттағы студенттер мен қатысушылар құрылыс алаңдарында, сондай-ақ «Астана Орманы» кәсіпорнында жұмыс істеді.

Айта кету керек, санитарлық қауіпсіздік талаптарын сақтау мақсатында жастардың бір жерге шоғырланып жұмыс істеуіне жол берілмейді. Таза ауада, ашық кеңістікте 2 метрден кем емес қашықтық сақтау қажет. Осы жобаға қатысушы жастар міндетті түрде маскамен, қолдарына қолғап киіп жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары