$ 494.87  520.65  4.91

«Алматы Жастары» бағдарламасы жастарға мол мүмкіндік берді

Қала әкімдігі тарапынан «Алматы 3.0» бағдарламасын жүзеге асыру үшін 10 млрд теңге бөлінгенін атап өту керек. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан 3 млрд теңге бөлінген.
Фото: almaty.tv
Фото: almaty.tv

«Алматы Жастары 3.0» жеңілдетілген несилендірудің қалалық бағдарламасы аясында 188 тұрғын өз пәтерлерін алды. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен әлеуметтік салада қызмет ететін жастарға арнап несиелендіру талаптары барынша жеңілдетілген «Алматы Жастары 3.0» жеңілдетілген несилендірудің қалалық бағдарламасы іске қосқан болатын, - деп хабарлайды Sn.kz.

Аталған бағдарлама арқылы пәтер алып жатқан жастардың дені денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, сонымен бірге ЖОО мен ҒЗИ, журналистер және әлеуметтік саладағы басқа да қызметкерлер болып отыр.

«2020 жылы барлығы қалалық «Алматы жастары 3.0» (1000 пәтер) және республикалық «Бақытты отбасы» бағдарламаларының аясында 3,5 мың пәтер бөлу жоспарлануда. Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында осы екі бағдарлама бойынша 343 отбасы баспаналы болды. Оның ішінде 188 пәтер «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы және 155 пәтер «Бақытты отбасы» бағдарламаларының аясында», - деді Алматы қаласының Тұрғын үй саясаты Басқарма басшысының орынбасары Айбек Сайделдаев.

Ол 188 пәтерден 82-сін білім саласының қызметкерлері, мәдениет саласынан -12, ЖОО және ҒЗИ қызметкерлерінен – 23, БАҚ қызметкерлерінен – 11 адам баспаналы болғанын айтты. Қала әкімдігі тарапынан «Алматы 3.0» бағдарламасынжүзегеасыруүшін 10 млрд теңге бөлінгенін атап өту керек. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тарапынан 3 млрд теңге бөлінген.

ТҚЖБ Алматы филиалы директорының орынбасары Данагүл Тілеуберлі қызының хабарлауынша, биылғы жылы осы сомаға 1000 отбасыны қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Әкімдік тарапына биылғы жылы жақсы сома 10 млрд теңге бөлінді. Оған дейін бөлінген сома әлде қайда төмен. ТҚЖБ тарапынан 3 млрд теңге бөлінді. Барлығы осы 13 млрд теңгеге «Алматы жастары 3.0» бағдарламасы бойынша 1000 отбасыны қамтамасыз ету жоспарлануда.Бүгінгі таңда маусым айының басынан бері 565 тұтынушы банктің оң шешімін алған. Олар кредитті өтеу қабілеттігі мен төлем қабілеттілігін дәлелдеген. Тек баспана табу ғана қалды», - деді Данагүл Тілеуберліқызы.

Бағдарламаға қатысу үшін өтініштер екі кезеңге ЭСҚ көмегімен электронды түрде қабылданды. Бірінші кезең бойынша «Алматы Жастары 3.0» бағдарламасына қатысуға 3 мың өтініш түскен, екінші кезеңде 5 мың өтініш келген.

Дәл осы бағдарлама бойынша қаладағы жас мұғалімдер де баспаналы болып жатыр. 

«Бұлардан өзге, жас мамандарды, оның ішінде мұғалімдерді тұрғын үймен қамтамасыцз ету мақсатында жеңілдетілген несие берудің «Алматы жастары 3.0» қалалық бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама бойынша қазірдің өзінде 119 жас мұғалім несие алатын болды», - деп хабарлады қала әкімі Бақытжан Сағынтаев.
Айта кетейік, қалалық «Алматы Жастары 3.0» жеңілдікпен несиелендіру бағдарламасы шеңберінде өтініштер мен құжаттарды қайта қабылдау жүріп жатыр. 

Бағдарламаға қатысу үшін өтінішті www.almaty-zhastary.kz сайты арқылы тапсыра аласыздар. Авторизация электрондық цифрлік қолтаңба (ЭЦҚ) арқылы жүргізіледі, оны ХҚКО-дан алуға болады.
Бағдарлама шеңберінде несие берудің шарттары:
Қарыздың ең жоғары сомасы – 13 млн теңгеге дейін;
Пайыздық мөлшерлеме – 5%;
Бастапқы жарна - 10%;
Бастапқы және қайталама тұрғын үй алу мүмкіндігі;
Қатысу үшін негізгі талаптар:
Қатысушының жасы 35 жасқа дейін (қоса алғанда), өтініш беру кезінде, жұбайының (зайыбының) жасына қарамастан (бар болса). Бағдарламаға негізгі қатысушы ретінде тек ерлі-зайыптылардың біреуі ғана қатыса алады;

Үміткерде және оның отбасы мүшелерінде меншік құқығында тұрғын үйдің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында соңғы 5 жыл ішінде тұрғын үй жағдайының әдейі нашарлауы фактілерінің болмауы, Қазақстан Республикасының аумағында мемлекеттік бағдарламалар желісі бойынша алынған отбасының басқа мүшелерінің ортақ бірлескен (үлестік) меншігін құрайтын үлестік меншіктегі үлес немесе жалға берілетін тұрғын үй, бұған: жекешелендіру немесе мұрагерлік құқығы нәтижесінде бағдарламаға қатысушы немесе кәмелетке толғанға дейін отбасы мүшелері алған жылжымайтын мүліктегі үлесті және жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда;

Қатысушының ресми жұмыс өтілі келесі санаттар бойынша Алматы қаласында кем дегенде соңғы 6 ай, міндетті зейнетақы мөлшерлемесімен болу қажет: мәдениет, спорт, ЖОО-лар және ҒЗИ, журналистер, әлеуметтік сала болып отыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары