$ 447.4  477.55  4.76

Ғалымдар коронавирус анықтайтын бетперде ойлап тапты

Жаңа маскада импульс, дене температурасы, қысым және оттегі деңгейі сияқты адамның әртүрлі көрсеткіштері туралы мәлімет жинайтын сенсорлар орнатылады.

Сингапур ғалымдары коронавирус белгілерін анықтай алатын арнайы маска ойлап тапты, - деп хабарлайды Straits Times.

Жаңа маскада импульс, дене температурасы, қысым және оттегі деңгейі сияқты адамның әртүрлі көрсеткіштері туралы мәлімет жинайтын сенсорлар орнатылады. Осы көрсеткіштерге сүйене отырып, коронавирус инфекциясы туралы қорытынды жасауға болады дейді ғалымдар.

Мамандардың айтуынша, маскадағы сенсорлар әр жарты сағат сайын денсаулығы туралы мәліметтерді ұялы телефондағы арнайы қосымшаға жібереді.

Сондай-ақ, ол масканы жууға және қайта пайдалануға болатыны айтылады.

Дереккөз мәліметінше, ғалымдар қыркүйек айының соңына қарай жүйенің клиникалық сынақтарын өткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі уақытта масканың бағасы 36 доллардан асады, бірақ жаппай өндіріс кезінде ол 14,6 долларға дейін төмендеуі мүмкін дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары