Бүгін таңертең Иорданияның Эз-Зарка қаласында жойқын жарылыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елдің Petra агенттігіне сілтеме жасап.
Иорданияның мемлекеттік ақпарат министрі Амджад Адайле мерзімі өткен оқ-дәрі сақталған қоймада жарылыс болғанын растады. Қойма қарулы күштерге тиесілі. Ол ешкім тұрмайтын жерде орналасқан. Тергеудің алғашқы нәтижелері бойынша жарылыс қысқа тұйықталу салдарынан болуы мүмкін.
Сондай-ақ, Бас қолбасшылықтың мәліметінше, қазіргі уақытта жарылыстан зардап шеккендер жоқ.