$ 445.66  474.58  4.78

Ұсталықпен 40 жыл айналысқан азамат қару-жарақ жасау тәсілін көрсетті (ВИДЕО)

Қару-жарақ, сауыт-сайман, тұрмыстық бұйымдар мен саз аспаптарын жасауды меңгеріп, «дархан ұста» атану үшін Құлменов 5 мың кітап оқыған.

Алматыда ағайынды Құлменовтер 40 жылдан бері қару-жарақ, тұрмыстық заттар мен музыкалық аспаптар жасап, көшпелі түркілердің сауыт-сайман үлгілерін қалпына келтірумен айналысады. Осы орайда, Sputnik Қазақстан тілшілері темір ұстасының жұмысымен танысып, қарудың қалай жасалатынын біліп қайтқан, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Махмұт Құлменов екі бауырының денсаулығына байланысты қазір жалғыз өзі жұмыс істеп жүр. Бүгінде ұстаханаға айналған үйді әкесі осыдан 43 жыл бұрын сатып әперген көрінеді.

Ұста Махмұт Құлменов ұста болуына батырлар жырын жатқа оқып өскені себеп болды деп санайды. Қару-жарақ, сауыт-сайман, тұрмыстық бұйымдар мен саз аспаптарын жасауды меңгеріп, «дархан ұста» атану үшін Құлменов 5 мың кітап оқыған. Оның ішінде ғұн мен үйсіндердің тарихы, Түрік қағанаты жайлы деректер, Шыңғыс хан жайлы кітаптар бар. Бір кездері қазақ даласын аралай жүріп қазақ тарихын зерттеген тарихшылардың еңбегін де оқыған.

Ол туралы материал толығырақ мына сілтемеде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары