$ 439.4  473.54  4.76

Өткен тәулікте коронавирус пен пневмониядан 7 адам көз жұмды

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 550 адам ем қабылдауды жалғастыруда.

Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 307 жағдайы және 2 өлім жағдайы тіркелді.

Оған қоса 145 адам емделіп шықты. 1 тамыздан барлығы: ауырғандар - 29 235, 320 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 6 787 жетті.

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 550 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 32 өскіншек бала бар. Стационарларда 2 431 науқас жатыр. 2 119 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 130 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 20 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 26 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.​

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары