$ 494.87  520.65  4.91

Өзбекстан президентінің қызы ұлына Шавкат есімін берді

Айта кетейік, Саида Мирзиёева Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан.
Фото: пресс-служба агентства информации и массовых коммуникаций
Фото: пресс-служба агентства информации и массовых коммуникаций

Өзбекстан президентінің қызы Саида Мирзиёева ұл туып, атын Шавкат деп қойды. Өзбекстан президентінің қызы өзінің Telegram каналында өмір жалғасып жатқанын жазды.   

"Бәріміз бұрынғыдай қиын жағдайда отырсақ та, адамдар үйлену тойларын жасап жатыр, сәбилер дүниеге келуде. Біздің отбасымыз да толықты – енді кішкентай Шавкатымыз бар. Біздің таныстығымызға көп бола қоймады, бірақ бір-бірімізді бір көргеннен қатты жақсы көріп қалдық, тәулігіне 24 сағат біргеміз. Қандай сезім болатынын аналар біледі", - деп жазды Мирзиёева.

Айта кетейік, Саида Мирзиёева Ойбек Тұрсыновқа тұрмысқа шыққан. Олардың отбасында бұған дейін екі бала дүниеге келді: ұлының есімі – Миромон, қызы – Саодатхон.

Саида Мирзиёева 2019 жылы президент әкімшілігі жанындағы ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігі директорының орынбасары болып тағайындалған еді. Жыл басында бұл қызметтен кететінін мәлімдеді.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёевтің үш баласы бар. Ұлы мектепте оқиды. Кіші қызы Өзбекстанның мектепке дейінгі білім министрлігінде басқарма басшысы болып жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары