Синоптиктер 13 қыркүйекте республиканың солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады, жел күшейеді, деп болжайды. Қазақстанның қалған аумағында күн ашық болады. Батыс пен шығыста кей жерлерге тұман түседі, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алматы, Қызылорда және Қостанай облыстарында найзағай жарқылдап, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін барады.
Ақтөбе және Ақмола облыстарында кей жерлерде найзағай ойнайды.
Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарына тұман түседі деп күтілуде. Сонымен қатар, түнде Шығыс Қазақстан облысында 1-3 градусқа дейін үсік жүреді.
Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей аудандарында, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Нұр-Сұлтанда күн ашық болады. Желдің жылдамдығы – секундына 3-7 метр. Түнде ауа температурасы +8-9 градус, күндіз 22-24 градус жылы.
Алматыда күн бұлтты, найзағай ойнап, аздап жаңбыр жауады. 2-9 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде +14-15 градусты, күндіз +21-22 градусты көрсетеді.
Шымкентте ауа райы жауын-шашынсыз. Желдің жылдамдығы – секундына 1-10 метр. Түнде +13-14 градус жылы, ал күндіз 25-28 градус ыстық.