13.09.2020, 12:38

«Тікелей хабарласыңыз»: Аймағамбетов білім басқармасы басшыларының телефон нөмірін жариялады

Фото: inform.kz
Енді ата-аналар өз өңіріндегі білім басқармасының басшысына тікелей хабарласа алады.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook әлеуметтік желідегі парақшасында білім басқармалары мен бөлімдері басшыларының телефон нөмірін жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

"Әрбір білім бөлімінің немесе білім басқармасының басшысы туындаған мәселелерді өз деңгейінде уақытылы және сапалы шешуі қажет. Өңірдегі салаға қатысты барлық жағдайдан хабардар болып, халықтың сұрағына дер кезінде жауап беруі тиіс. Сондықтан басшылардың барлығына өз WhatsApp нөмірлерін жариялап, келіп түскен сұрақтар мен туындаған мәселелер бойынша шешімдерді шұғыл қабылдау тапсырылды", - деп жазды министр Facebook-тегі парақшасында.

Енді ата-аналар өз өңіріндегі білім басқармасының басшысына тікелей хабарласа алады.