$ 498.34  519.72  4.85

Egypt Air компаниясының жолаушылар ұшағы теңіз үстінде жоғалып кетті

Egypt Air әуе компаниясына тиесілі Airbus A320 ұшағы радар бетінен жоғалып кетті деп хабарлайды BBC News. Бұл жайында компания өзінің Твиттердегі парақшасында мәлімдеген.

MS804 рейсі Парижден Каир қаласына қарай бет алған болатын. Ұшақ Франция астанасынан Орталық Еуропа уақытпен 23:09-да ұшып шыққан. Араға бірнеше сағат салып ол Мысыр астанасына жетуі тиіс еді.

Жоғалған лайнердің бортында барлығы 59 жолаушы және 10 экипаж мүшесі болған.

Ұшақ радардан Египет аумағына 16 шақырым кірген сәтте, яғни Жерорта теңізінің үстінде жоғалыпты. Ол бұл кезде 11 мың шақырым биіктікте болған. Пилоттармен байланыс Каир уақытымен сағат 02:45-те үзілді дейді Egypt Air әуе компаниясының өкілдері.

Қазіргі таңда Египеттің әскери ұшақтары жоғалған лайнерді іздеуге аттанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары