$ 447.4  477.55  4.76

Egypt Air компаниясының жоғалған ұшағы Жерорта теңізіне құлаған

Бүгін таңертең радар бетінен жоғалып кеткен Egypt Air әуе компаниясының ұшағы Жерорта теңізіне құлаған. Бұл туралы Reuters агенттігі Египеттің әуе қызметіне сілтеме жасап хабарлап отыр. Апат болар алдында ұшақ пилоттары ешқандай дабыл белгісін бермеген.

Airbus A320–232 лайнерінің бортында барлығы 56 жолаушы мен 10 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар қатарында кішкентай нәресте мен екі жеткіншек те бар. Экипаж командирі соңғы рет Афины қаласының үстімен ұшып бара жатқанда, яғни құлаудан 10 минуттай уақыт бұрын байланысқа шыққан екен.

Айта кетейік, ұшақ радардан Египет аумағына 16 шақырым кірген сәтте, яғни Жерорта теңізінің үстінде жоғалыпты. Лайнер бұл кезде 11 мың шақырым биіктікте болған. Пилоттармен байланыс Каир уақытымен сағат 02:45-те үзілді дейді Egypt Air әуе компаниясының өкілдері.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары