Ливандағы бітімгершілік миссиясын орындауға қатысатын әскери қызметшілердің короновирус жұқтырмаған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап.
"Бұқаралық ақпарат құралдарында Ливандағы бітімгершілік миссиясын орындауға қатысатын әскери қызметшілердің коронавирустық инфекцияны жұқтырғаны туралы хабарламалар таратылуда.
Ағымдағы жылдың 14 қыркүйегіндегі жағдай бойынша Үнді бітімгершілік батальоны мен Қазақстан бітімгершілік ротасының жеке құрамы арасында COVID-19-бен ауырғандар жоқ", - делінген ресми хабарламада.