Қазақстандықтар айдың соңына дейін жер мен мүлік салығын төлеу керек. Бұл жайлы Мемлекеттік кірістер комитеті ескертті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
⠀
Жылжымайтын мүлік және жер салығы бойынша алдағы төлемдер туралы «Салық әмияны» арқылы біліңіз!
2020 жылдың 1 қазанына дейін меншіктерінде жер телімдері мен жылжымайтын мүліктері бар барлық жеке тұлғалар 2019 жылға мүлік салығын және жер салығын төлеуі керек!
⠀
«Салық әмияны» қызметінде сіз осы салықтарға есептелген сомалар туралы ақпаратты көре аласыз!
Сіз бұл деректерді және e-Salyk мобильдік қосымшасындағы ЖТ және ЖК алдағы төлемдерді төлеу бойынша ашық қызметін пайдалана отырып немесе сол мобильді қосымшадағы «Салық әмияны» қызметінің жеке кабинетіндегі «Бюджетпен есеп айырысу» бөлімінде көре аласыз!
⠀
Сонымен қатар, сіз есептелген сомаларды екінші деңгейдегі банктердің, «Қазпочта» АҚ төлем карталары арқылы алдын ала толтырылған деректемелерді пайдалана отырып төлей аласыз!
⠀
E-Salyq қосымшасын Play Market немесе App Store дүкенінен жүктеп алыңыз, салық әмиянын толтырыңыз және салықты оңай төлеңіз!