$ 449.58  486.94  4.86

Тура бір жылдан кейін: Қанат Ислам келесі айда рингке қайта оралмақ

Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы айқасын былтыр, 26 қазан күні Алматыда өткізген еді.
фото: 24.kz
фото: 24.kz

Биылғы 16 қазан күні АҚШ-тың Флорида штаты Плант-Сити қаласында Nelsons Promotion компаниясының кәсіпқой бокс кеші өтеді. Онда рингке Қазақстаннан қос спортшы шығатыны жоспарланған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ВКонтакте әлеуметтік желісіндегі «Қазақстанның кәсіпқой боксы» парақшасында мәлім етілгендей, кеш барысында спортшы Дархан Жұмсақбаев профидегі алғашқы айқасын өткізеді. Жартылай жеңіл салмақтағы жекпе-жектегі оның қарсыласы 31 жастағы никарагуалық Осмель Майорга (2-0, 1КО) болмақ. Кездесу 6 раундқа есептелген.

Сондай-ақ, аталмыш турнирге Қанат Исламның (27-0, 21КО) қатысатыны хабарлануда. Оның оппонентінің есімі әзірге жарияланған жоқ. Еске сала кетсек, Қанат Ислам соңғы айқасын былтыр, 26 қазан күні Алматыда өткізген еді. Ол Намибия өкілі Уолтер Каутондокваны (18-2, 17КО) төрешілердің бірауызды шешімімен жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары