15.09.2020, 15:20

Ғалымдар коронавирусты толыққанды залалсыздандыратын антиденені тапты

Фото: stan.kz
Ab8-де COVID-19-ті емдеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар оны адамдарда SARS-CoV-2 инфекциясының алдын алу үшін де қолдануға болады

Питтсбург университетінің ғалымдары коронавирустың алдын алып, емдеуге әсер ететін антиденені анықтады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости басылымына сілтеме жасап. 

Ғалымдар SARS-CoV-2 вирусын залалсыздандыратын биологиялық молекуланы тапқан. Бұл молекула препаратты жасауға қолданылған қарапайым антиденеден 10 есеге кіші. Ab8 деп аталатын антидененің бөлшегі тышқандар мен атжалмандардағы SARS-CoV-2 вирусын емдеуге қолданылған. 

Оның көлемінің кішкентай болуы вирусты жақсы бейтараптандыру үшін тіндерге таралу қабілетін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар препаратты баламалы түрде, атап айтқанда ингаляция арқылы енгізуге мүмкіндік береді.

"Ab8-де COVID-19-ті емдеу мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар оны адамдарда SARS-CoV-2 инфекциясының алдын алу үшін де қолдануға болады", - деді автордың бірі Джон Меллорс.