24-26 шілде аралығында Қазақстанның солтүстігінде салқын, жауын-шашынды ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Синоптиктердің болжамы бойынша, еліміздің бұл аймағында күн күркіреп, күндізгі температура +15...+23 градустан аспайды, бұл аталмыш маусымдағы қалыпты жағдайдан 3-8º-қа төмен.
Қазақстанның шығысы мен батысында құрғақ және ыстық ауа райы сақталады. Күндіз бұл өңірлерде ауа температурасы +30...+38 градусқа дейін көтеріледі.
Бейсенбі, 24 шілдеде Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында желдің күші 15-25 м/с-қа жетеді.