$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстандық туристерді Палестина аумағынан шығарып Иерусалимге жеткізді

Дипломаттар қазақстандық туристерді Палестина аумағынан шығарып Иерусалимге жеткізді, деп хабарлайды сыртқы саяси ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Сыртқы істер министрлігі түрік әуе жолдарының рейстерінің кейінге қалдыруына байланысты Израильден Түркияға қайта алмай отырған біздің азаматтарымызға қатысты мәселені ерекше бақылауда ұстап отыр.

«Бүгін түнде, «TezTour» туристтік компаниясымен Палестинаға шығарылған барлық 13 қазақстандықтар Палестинадағы жағдайдың ушығуына орай, ҚР Израильдегі Елшілігі мен консулдың тікелей қатысуымен Израильге жеткізілді», делінген хабарламада.

Қазіргі таңда барлық қазақстандықтар толық қауіпсіздік аймағына жеткізіліп, қаланың қонақ үйлерінің біріне орналастырылды.

Сонымен қатар, Вифлеем қаласынан 2 Украина және 2 Ресей азаматтары шығарылды.

Қазіргі уақытта қазақстандық туристерді тез арада Түркияға жеткізу үшін барлық инстанциялармен келіссөздер жүргізілуде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары