$ 443.35  475.54  4.82

Варшава Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарды

Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т. б. сияқты елдерді қоса алғанда, 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады.
Фото: polska-kaliningrad.ru
Фото: polska-kaliningrad.ru

Польша Республикасы Үкіметінің өкімімен Қазақстан 16 қыркүйектен бастап Варшава бұдан бұрын тікелей әуе қатынасына тыйым салған елдер тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы ҚР ИИДМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап .

Қазақстанның осы тізімнен шығарылуы COVID-19 таралуына байланысты еліміздегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсарғанын айғақтайды.

Сонымен бірге, АҚШ, Аргентина, Босния және Герцеговина, Бразилия, Израиль, Ирак, Испания, Катар, Кувейт, Молдова, Перу, Франция, Черногория және т. б. сияқты елдерді қоса алғанда, 30 мемлекет тікелей тұрақты әуе қатынасына тыйым салатын елдердің поляк тізімінде қалады.

Мемлекеттердің аталмыш тізімін Польша үкіметі әр екі апта сайын шетелдегі эпидемиологиялық жағдай мониторингінің нәтижелеріне байланысты өзектендіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Польша #әуе